Балабақшадағы логопедтік түзету жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеттері.
Балабақшадағы логопедтік түзету жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі — тіл дамытудың негізгі бір міндеті болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытуда төмендегі міндеттер басшылыққа алынады:
— балалардың сөздік қорларын дамыту;
— жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру;
— үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
Осы аталған міндеттерді логопед үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Оқу қызметін ұйымдастыруда танымды және дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда логопед өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Міне, сондықтан да оқу қызметі үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Осы орайда тәрбиешілер түрлі сайыстар,ашық сабақтар өтті.Атап айтсақ:
1-«Кім көп сөз біледі?» кіші топ тәрбиешісі Жумасаева Ақгул апай ашық сабақ өтті.
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Р,Ш,Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.
2-«Алма ағашы» орта топ Ризакулова Динара апай ойын сабақ ұйымдастырды.
Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.
Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір-бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.
3- «Әңгіме ойлаймыз» ересек топ тәрбиешісі Иманкулова Камшат апай ертегілер өтті.
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, зейінін дамыту.
Шарты: логопед сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,: «…. (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?). Бақта жүрген мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?), тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . . . (Қайда?) жатты. Марғаулар допты .. . . (қалай?) ойнады.
4-«Сөйлемді толықтыр» ересек топ Абдуллаева Самал апай сайыс ұйымдастырды.
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалардан сөйлемді аяқтауды өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр, себебі . . .». «Ағаштарда бір жапырақ қалмады, өйткені . . . » , «Аю қыста ұйықтайды, себебі . . . »
Осындай ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамытуға зор үлес қосады.
№ | Іс шара атауы | Топ атауы | Жауаптылар |
1 | Алма ағашы | орта топ | Ризакулова Динара |
2 | Әңгіме ойлаймыз | ересек топ | Иманкулова Камшат |
3 | Кім көп сөз біледі? | кіші топ | Жумасаева Ақгул |
4 | Сөйлемді толықтыр | ересек топ | Абдуллаева Самал |