ЖШС «Ботақан» бөбекжай балабақшасындағы әдістемелік жұмысы
«Мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін». Әдіскер болу — жәй ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын ағамыз М. Жұмабаев айтқандай «Тәрбие — адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» — деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Балабақша педагогтары Республикалық «Өрлеу», ғылыми зерттеу орталықтарының ұйымдастырған жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріп те үлгерді.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата — аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды.
Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі
1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.
2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата — аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.
3. Ғаламтодан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізіп отыру.
Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін.
.Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін — өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт.
Өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде — мейрімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.
Менің өмірдегі ұстанымым
• көмек сұрағандарға көмек беру.
• өз сезімімді жасырмай, оны бақылай алу
• өзгелердің пікірін сыйлай білу
• тыңдай білу, тыңдата алу
• жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу
Өз сөзімді қорытындылай келе, жаңашыл әдіскер қандай болу керек? — деген сұраққа жауап бергім келеді
Жаңашыл әдіскер
• әдіскер — технолог
• әдіскер – педагог
• әдіскер – зерттеуші
• әдіскер – эксперт
• әдіскер – аналитик
• әдіскер басқарушы